Әйел қуығын катетерлеу

1Қолды 0,5% хлоргексидин ерітіндісімен өңдеп, стерильді латок дайындаймыз. Бикстен стерильді катетрді алып латокқа қоямыз. Катетрдің тұйық ұшын глицеринмен малып қоямыз. Екі мақта шаригін фурацилин ерітіндісіне малып, латокқа қоямыз. Сонымен қатар латокқа екі стерильді салфетка , пинцет қажет. Жане шприціне 100-150 мл 37 — 38 °С ыстықтықта жылытылған фурацилин ерітіндісін алып латокка қоямыз
2Науқасты жуып, судноны алып тастайды.
3Екі аяғының арасын ашып және тізесін бүгіп, таза құрғақ судно немесе кіші дәретке арналған ыдыс қоямыз.
4Қолғап киеміз
5Науқастың оң жағына тұрып,сол қолдың сұқ және бас саусақтармен үлкен еріндерді аша отырып пинцетпен фурацилинге малынған мақта шаригімен уретраның сыртқы тесігін өңдейміз. Содан кейін пинцетпен катетрді тұйық жағынан 4-5 см қашықтықта қалам сияқты ұстаймыз. Ал ашық ұшын оң қолдың IV және V саусақтармен ұстаймыз. Катетрдің тұйық ұшын айналдыра отырып жаймен уретраға 4-5 см тереңдікте енгіземіз. Ал ашық ұшын судноға жібереміз. Дәреттің шығуы катетрдің қуыққа түскенін білдіреді.
6Дәрет тоқтағаннан кейін катетрге +38 «С да жылытылған фурацилин ерітіндісімен толтырылған Жане шприцін жалғаймыз.
7Ерітіндіні жаймен қуыққа енгіземіз, катетрді судноға түсіріп қуықтан ерітіндіні шығарады
8Ерітінді таза болып шыққанға дейін жууды қайталаймыз.
9Жууды аяқтағаннан кейін айналдыра отырып жаймен катетрді уретрадан шығарып аламыз.
10Уретраның сыртқы тесігін фурацилин ерітіндісіне малынған шарикпен өңдейміз және де салфеткамен ылғалды сүртіп аламыз.
11Қолданылған катетрді 3 % хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салып қоямыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *