Ерлер қуығын катетерлеу

Қолды жуамыз. 0,5 % хлоргексидин ерітіндісімен өңдейміз.
Стерильді латокқа тұйық ұштары глицеринмен малынған екі стерильді катетр , екі стерильді фурацилин ерітіндісіне малынған мақта шаригі , екі стерильді салфетка , пинцет, +37…+38 «С да жылытылған фурацилин ерітіндісімен толтырылған Жане шприці
Науқасты жуамыз. Аяқтарының арасына дәретке арналған ыдыс қоямыз.
Қолғап киіп науқастың оң жағына тұрамыз.
Жыныс мүшесінің басын айналдырамыз.
Сол қолдың 3-4 саусақтарымен ұстап, 1-2 саусақтарымен жаймен ұшын ашамыз.
Оң қолмен фурацилин ерітідісіне малынған мақта шаригімен жыныс мүшесінің уретра тесігінен перифериясына қарай сүртіп өңдейміз.
Уретраның сыртқы тесігіне 1-2 тамшы стерильді глицерин тамызамыз
Оң қолға стерильді пинцет аламыз. Стерильді пинцетпен тұйық ұшынан 5-6см қашықтықта ұстаймыз. Ашық ұшын 4-5 саусақтармен ұстаймыз
Катетерді жыныс мүшесенің басын 1-2 саусақтарымен фиксациялай отырып пинцетпен 4-5 см енгіземіз.
Катетерді ұстап тұрып тағы 5см енгіземіз. Бір мезетте жыныс мүшесін сол қолмен созып тұрып, катетердің жеңіл енуін қамтамасыз етеміз
Катетер қуыққа түскеннен кейін зәр шығады , катетердің ашық ұшын зәрге арналған ыдысқақоямыз.
Зәр тоқтағаннан кейін фурацилин ерітіндісімен толтырылған Жане шприцін жалғаймыз жаймен 100-150 мл ерітіндіні қуыққа жібереміз. Одан кейін катетерді ыдысқа қойып ішіндегін шығарамыз.
Жууды қуықтан шыққан ерітінді мөлдір түсте шыққанша қайталаймыз.
Жууды аяқтаған соң айналдыру әрекетімен катетерді уретрадан шығарып аламыз.
Уретраның сыртқы тесігін фурацилин ерітіндісіне малынған мақта шаригімен өңдейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *