Қазіргі заманғы репродуктивті технологиялар дегеніміз не

Соңғы кезде медицина бедеулік мәселелсін шешуде алға қарай дамыды. Бедеулікті зерттеу диагностика аумағында және ем жасауда ғылымға үлкен жетістіктер әкелді. Ғылыми зерттеулер кезінде әйелдің репродуктивті қызметінің циклды активтілігін қамтамасыз ететін гормоналды препараттардың үлкен тобы синтезделді.

Сонымен қатар ХХ ғасырдың ғылымы арқасында- жыныс жасушаларын ағзадан тыс дамытатын, ұрықтандыру және адам эмбрионының әрі қарай in vitro (пробиркада) дамытатын технологиялар пайда болды.

Қазіргі кезде табиғи ұрықтану мүмкін болмаған жағдайда, мәселелер қазіргі заманғы репродуктивті технологиялар көмегімен шешіледі.

Бедеулікті емдеудегі репродуктивті технологиялар:

  • Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ)
  • Жатыр түткішелеріне гамета, эмбрионды салу
  • Спрематазоидтың интраплазматикалық инъекциясы (ИКСИ)
  • «Суррогатты ана»
  • Сперматозоид, аналық жасуша, эмбрион криоконсервациясы
  • Күйеуінің немесе донордың спремасымен инсеминация

Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ)

Экстракорпоралды ұрықтандыру жасанды ортада, яғни in vitro жүргізіледі, латыншадан аударғанда «пробиркада» деген мағынаны береді. Аналық жыныс жаушасы мен аталық жыныс жасушасын лабораторлық табақшада ұрықтандырады.

Алдымен аналық безінен жыныс жаушасының тез жетілуі үшін гормондармен инъекция жасалады. Кейін бір немесе бірнеше жетілген аналық жаныс жасушасы алынады.

Егер ұрықтану процесі болса, эмбрионның бірнеше мөлшері жатыр қуысына еңгізіледі.

ЭКҰ бес этаптан тұрады:

  1. Этап: аналық жасушасының стимуляциясы.

Бұл сатыда бірнеше күн бойы гормон еңгізу арқылы аналық жыныс жасушасының жетілуі жүргізіледі. Дәрігер мұқият фолликулалардың санын және мөлшерін, сонымен қатар УДЗ арқылы эндометрий қалыңдығын және қан анализін бақылап отырады. Лабораторлық зерттеулер фолликулаларда аналық жыныс жасушасының жетілуге дайындығын көрсеткенде, толық жетіліп және овуляцияның басталуы үшін басқа препарат еңгізіледі.

  1. Этап: аналық жасушасын алу.

Аналық жыныс жасушасын овуляция индукциясы басталғаннан кейін 36-38 сағат ішінде алу керек. Әдетте ол қынап арқылы ұзын арнайы ине мен УДЗ бақылауында алынады.

  1. Этап: Ұрықтандыру.

Аналық жасушасы алынған күні аталық жыныс жасушасы мастурбация арқылы алынады. Кейін лабораториядада сперматозиод қасиетінің жоғары болуы үшін сперманы арнайы өңдейді. Аналық және аталық жыныс жасушасы Петрии табақшасына орналастырылып және инкубаторда 24 сағат бойы өсіру.

Егер ұрықтану болса, онда ұрықтанған аналық жасушаны тағы 2-3 күнге толық жетілуі үшін қалдырады.

  1. Этап: эмбрионды көшіру.

Шприцке бекітілген жіңішке жұмсақ түтікшемен бір немесе бірнеше эмбрионды жатыр қуысына көшіреді.

  1. Этап: лютеинді фазаны демеу.

Эмбрион көшірілгеннен кейін, қалыпты жағдайда адам ағзасында менструалды циклдың екінші жартысында пайда болатын гамондар әйел ағзасына еңгізіледі. Соның әсерінен эндометрийдің қалыңдауы мен ұрықтанған аналық жыныс жасушасының имплантациясына дайындық жүреді. Эмбрион көшірілгеннен 14 күннен кейін жүктілікке тест жүргізіледі. Егер нәтиже оң болса, екі аптадан кейін УДЗ түсіріледі.

Гормон еңгізу кезінде қарсы әсерлер байқалуы мүмкін. 30% жағдайда аналық без гиперстимуляция синдромы байқалады. Клиникасында іш қуысында сұйықтық жиналу, іштің ауырсынуы, жүрек айну, асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары болады.

Спрематазоидтың интраплазматикалық инъекциясы (ИКСИ)

Бұл әдіс көбінесе ЭКҰ мен бірге қолданылады, яғни сперматозоидтың аз мөлшерде, қозғалғыштығының төмен болуында және нашар сапасында. Осы процедураны эмбриолог-маман жүргізеді. Микроскоп арқылы жалғыз түйір сперматозоидты аналық жасушасына еңгізеді. Егер ұрықтану байқалса, эмбрион жатыр қуысына имплантация жүру мақсатында көшіріледі.

Донор спермасымен инсеминация (ИСД)

ИСД күйеуінің спермасының эффективтілігі болмаған жағдайда жасалады.

Жатыр түтікшелеріне гаметаны көшіру (ГИФТ)

ЭКҰ әдісінің аналогі, тек ұрықтану әйел ағзасында жүреді (in vivo, фаллопий түтікшесінде). ГИФТ тек жатыр түтікшелерінде патология болмаған жағдайда ғана жасалынады. Бұл әдісті қолданғанда in vivo жүргендіктен ұрықтануды бірден анықтау мүмкін емес.

ЗИФТ-те ұрықтану мүмкіншілігі ГИФТ-ке қарағанда жоғары. Бұл әдісте ЭКҰ әдісінің аналогі,жатыр түтікшесіне эмбрион дамуының ерте сатысында ұрықтанған аналық жыныс жасушасын көшіреді. Жатыр түтікшелерінің патологиясы еш жоқ болғанда жасалынады. Лапароскопия әдісімен қынап арқылы зиготаны жатыр түтікшесіне еңгізеді.

Күйеуінің спермасымен инсеминация (ИСМ)

Күйеуінің спермасымен инсеминация (ИСМ)- көшіру:

  1. Қынапқа немесе жатыр мойнына аз мөлшерде жаңа сперманы немесе
  2. Лабораторлық жағдайда дайындалған сперманы жатыр қуысына еңгізу.

ИСМ әйел денсаулығы толық сау және жатыр түтікшелерінің өткізгішітігі болғанда жасалынады.

ИСМ-ге көссеткіштер:

  • Қынаптық эякуляция мүмкіншілігі болмағанда (психогенді немесе органикалық импотенция, ретроградты эякуляция, қынаптық дисфункция)
  • Ер бедеулігі – олигоспермия, астеноспермия, тератоспермия
  • Жүктілік индукциясы кезінде криоконсервативті сперманы қолдану

Суррогатты ана.

Бұндай ЭКҰ түрі жатыры жоқ науқастарда жүргізіледі. Әйелден алынған аналық жыныс жасушаны күйеуінің жыныс жасушасынмен инсеминациялайды, кейін эмбрионды басқа әйелдің жатырына көшіреді- суррогатты ана. Бала көтеріп, босанғаннан кейін иесіне, яғни генетикалық анасына береді.

 

Репродуктивті технология көрсеткіштері:

  • Түтікті бедеулік (түтікшенің немесе оның өткізгіштігінің болмауында)
  • Генезі белгісіз бедеулікте
  • Бедеуліктің иммунологиялық түрі
  • Әр түрлі ер бедеулігі
  • Эндометриоз

Қарсы көрсеткіштері:

  • Туа пайда болған немесе жүре пайда болғанжатыр қуысының деформациясы, яғни жүктілікті көтере алмаушылық және ұрық имплантацисының болмауыэ
  • Жатырдың қатерсіз ісігі
  • Аналық без ісігі
  • Жедел қабыну аурулары
  • Соматикалық және психикалық аурулар

Дайындық жүргізу:

  • Қан анализі: сифилис, ВИЧ, гепатит В және С
  • Денсаулығы туралы терапевт қорытындысы
  • Уретра және цервикалды өзек микрофлорасына және тазалық дәрежесіне зерттеу
  • Клиникалық қан анализі, қан ұю уақытын анықтау
  • Жалпы және арнайы гинекологиялық тексеру
  • Қан тобын және резус-факторын анықтау
  • Кіші жамбас қуысына УДЗ

Жоспар

  1. Қазіргі заманғы репродуктивті технологиялар туралы түсінік
  2. Бедеулікті емдеудегі репродуктивті технологиялар жіктелісі:
  • Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ)
  • Жатыр түткішелеріне гамета, эмбрионды салу
  • Спрематазоидтың интраплазматикалық инъекциясы (ИКСИ)
  • «Суррогатты ана»
  • Сперматозоид, аналық жасуша, эмбрион криоконсервациясы
  • Күйеуінің немесе донордың спремасымен инсеминация
  1. Реподуктивті технологиялар туралы анықтама
  2. Дайындық жүргізу. Көрсеткіштері. Қарсы көрсеткіштері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *